Бюджет
Жансая облыстық балалар оңалту орталығы ШЖҚ МКК
100 төсек орын жүйке жүйесі органикалық зақымдалған науқас балаларға,
25- төсек орын ортопедиялық,
25-төсек орын соматикалық аурулары бар балаларға арналған орталық болып
Ғимарат бейімделінген, құрылымы: қабылдау бөлімі, 5 - сауықтыру топтары (Қадам, Балбулақ, Сұнқар, Сәби, Бөбек), физиоемдеу бөлімі, екі емдік дене шынықтыру залы, уқалау бөлмелері, ән-күй залы, ой-тынықтыру және психологиялық коррекция бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, залалсыздандыру бөлмесі, асхана, әкімшілік-шаруашылық бөлімі,иппотерапия алаңы.
Орталықтың сайты бар, оған жаңалықтар апта сайын енгізіліп отырылады. Электронды адрес: sanjansaya.kz
Орталықтың оңалтудағы мақсаттары: науқастың зақымданған ағзалырының қызметін мүмкіндігінше қалпына келтіру; Асқынулардың алдын алу; Науқасты қоршаған ортаға, қоғамға бейімдеу (Интеграция)
Қолданылатын емдік әдістер: емдік дене шынықтыру (жеке, топтық, таңғы жаттығу, механотерапия, гидрокинезотерапия), физиоемдеу (электрлік емдеу, магниттік емдеу), емдік уқалау, психологиялық оңалту (жеке, топтық, аутотренинг), ән-күй терапия, емдік шөппен емдеу, оттегі терапия, дәрі-дәрмекпен емдеу, галотерапия.
Жоспар бойынша төсек күн – 48600.
Емделіп шығу саны – 2700 науқас.
Орталықта 2 қызметтік автокөлік бар.