"Жансая" облыстық балалар оңалту орталығы

Қазақстан, Кентау, Уәліханов к-сі, 1
+7 (72536) 3 82 31

Біз туралы

Денсаулық сақтау басқармасының 22 сәуір 2019 жылғы №268 бұйрығы бойынша «Облыстық балалар туберкулезге қарсы санаториясы», «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы болып қайта бейімделді.

Орталық 150 төсек-орынға арналған:

1.Неврологиялық – 100 төсек-орын;

2.Ортопедиялық – 25 төсек-орын;

3.Соматикалық – 25 төсек-орын.

Оңалту орталығында жүйке жүйесі органикалық зақымданған, тірек-қимылы бұзылған балалар тәулік бойы стационарлық ем қабылдайды. Емделу мерзімі 18 күн.

Орталықта балалар кешенді ем қабылдайды. Медициналық оңалту мамандарымен педагогикалық оңалту мамандары тығыз байланыста, МДК құрылған, қажетті мамандар қайта даярлаудан өткен (координатор, эрготерапевт, логопед-дефектолог, монтессори-терапия, психолог).

Оңалту орталығына Түркістан облысы бойынша балалар стационарға жатқызу бюросы «Веб-портал» арқылы қабылданады.

Орталықтың іс-әрекеті кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитацияға бағытталған.

Бүгінгі күнде орталықта кешенді реабилитация әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі.

Толығырақ

Жаңалықтар

Барлығын көру

Науқастардың пікірлері

"Жансая" облыстық балалар оңалту орталығы

Без имени
Құрметті Жансая ОБОО ұжымы және барлық қызметкерлері. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Еңбектеріңізге табыс, істеріңізге абырой тілеймін. Әр бір маманның жылы қабағына, білікті дәрігерлердің еңбегіне, ерекше балаларды бағып отырған ата-аналарға деген сый құрметтеріңізге көп алғыс білдіремін.Әр келген емімізден, әр кезде нәтиже алып кету біз үшін үлкен қуаныш, сол қуанышты бізге сыйлай білген ақ халатты абзал жандардың еңбегіне мың алғыс. Емдеу ісінің басшысы Байжұматова Мариям апайға, білікті невролог дәрігеріміз Бобоалиев Шохрух докторға, Пост мейіргерлері Гулданаға, ЛФК маманы Нұрбақ ағайымызға, психолог Салтанат апайға және барша тазалау қызметкерлеріне алғыстармын. Жаңа жыл жаңа табыс, молшылық әкелсін. Еңбектеріңіз әрқашанда елене берсін. Көп рахмет сіздерге
Барлығын көру

Байланыс

Дүйсенбі
Тәуілік бойы
Сейсенбі
Тәуілік бойы
Сәрсенбі
Тәуілік бойы
Бейсенбі
Тәуілік бойы
Жұма
Тәуілік бойы
Сенбі
Тәуілік бойы
Жексенбі
Тәуілік бойы
Қазақстан, Кентау, Уәліханов к-сі, 1
+7 (72536) 3 82 31
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу